Непалдағы соңғы 30 жылдағы ең үлкен қайғылы оқиғаның себептері әлі белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, Покхара қаласына қонған ұшақ төмен биіктікте күтпеген жерден терең шатқалға түсіп, халық тұратын аудандар мен базарға құлай жаздаған.
Борттағы барлық 72 адам қайтыс болғанын еске саламыз.
БАҚ-тың хабарлауынша, апат болған жерге келген құтқарушылар бірнеше жолаушыны ауруханаға жеткізген, бірақ дәрігерлер оларды құтқара алмады. Қайтыс болғандардың туыстары Покхара ауруханасына жиналды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу