Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Тамыз конференциясына қатысады. Бұл жайында ҚР білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан Фейсбуктегі парақшасында жазды.
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 2019 жылғы 16 тамыз күні Тамыз конференциясының пленарлық отырысын өткізеді. Конференция шеңберінде білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар бойынша тақырыптық алаң ұйымдастырылып, педагогтарды марапаттау рәсімі болады", – деп жазды ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу