Мемлекет басшысы "Түркі жасыл қаржы кеңесін" құруды ұсынды

657

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, кеңесті "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде ашуға болады.  

Мемлекет басшысы "Түркі жасыл қаржы кеңесін" құруды ұсынды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде "Түркі жасыл қаржы кеңесін" құруды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жасыл экономиканы" дамыту – аса маңызды міндет. Климаттың өзгеруі көптеген жаһандық сын-қатерлер тудырып отыр. Бұл – бүкіл халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған мәселе. Оның экологиялық салдары елдеріміздің өркендеуіне кедергі келтіреді. Әлем елдері соңғы 7 жылда "жасыл" облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаржы бөлді. Осы ретте, мен бұл саладағы капитал нарығын дамыту үшін "Түркі жасыл қаржы кеңесін" құруды ұсынамын. Оны "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде ашуға болар еді. Бүгінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы әлемдегі ірі компаниялар арасында танымал болып, жоғары деңгейде мойындалды. Ол жаңа Кеңестің Хатшылығы қызметін атқара алады", - деді ол.

Айта керек, Президент саммиттің ашылуында Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық рөлі артқанын атап өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу