Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

201

"Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын".

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

– Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу