Мемлекет Басшысы Жаңа Қазақстан сөзіне түсінік берді

1589

Ол құбылмалы заманда елдегі береке-бірлік және тұрақтылықты сақтау маңызды екенін жеткізді. 

Мемлекет Басшысы Жаңа Қазақстан сөзіне түсінік берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстан сөзіне түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президент Қазақстан халқына Жолдау жариялағанын атап өтті.

"Елімізді түбегейлі жаңғыртуды көздейтін ауқымды реформалар ұсындым. Саяси реформалар мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуге бағытталған. Шын мәнінде жаңа Қазақстанды құру дегеніміз тек мемлекеттік аппаратты жаңғырту емес, бүкіл қоғам, әрбір адам өзгеруі керек. Әр азамат еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, бүгінгі алмағайып, құбылмалы заманда береке-бірлік және тұрақтылықты сақтай білу өте маңызды. 

"Осыны әрқайсымыз терең түсінуіміз керек. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Қазір біздің алдымызда зор міндеттер тұр және ауқымды жұмыстар бар. Оны жүзеге асыруға алматылықтар барынша ат салысады деп сенемін", – деді Президент.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу