Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға 293 млрд теңге бөлінеді

782

Министр қаржы қайда жұмсалатынын жариялады. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға 293 млрд теңге бөлінеді Фото: primeminister.kz

Әлеуметтік төлем көлемін ұлғайтуға және шетел валютасының өзгеруіне байланысты шығыстарды өтеуге 315,6 млрд теңге жұмсалады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деді. 
Оның сөзінше, бұл шара 1 сәуірден бастап жүзеге асырылады. 

Қаржы министрінің мәлімдеуінше, азаматтарды және экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларын іске асыруға 293 млрд теңге бөлінеді.  

"Бұл қаражат ел азаматтарының өмір сапасын жақсарту және кірістер мен сұранысты ұлғайтумен бірге өндірісті ынталандыруға бағытталған шаралар мен жобаларды іске асыруға жұмсалады", – деді Әлихан Смайылов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу