Мемлекет Италияда көз жұмған қазақстандық бойжеткеннің денесін елге әкелуге ақша бөледі

495

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Оның сөзінше, аптаның соңына дейін оның денесі елге жеткізіледі.    

Мемлекет Италияда көз жұмған қазақстандық бойжеткеннің денесін елге әкелуге ақша бөледі Фото: nu.edu.kz

Еске сала кетейік, Италияда  27 жастағы қазақстандық ғалым қаза тапты.

"17 қаңтарда Салерно қаласының орталығында Салерно Университетінің жас зерттеушісі - 27 жастағы Әсем Жарбосынды жолдан өту кезінде көлік қағып кетті, ол оқиға орнында мерт болды", – делінген Corriere del Mezzogiorno басылымының материалында.

Итальяндық басылымның хабарлауынша, көлікті 20 жастағы жігіт тізгіндеген. Алкоголь сынағы теріс нәтиже көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу