Мемлекет Шерзаттың отбасына үй салып беретін болды

1566

Бұл ақпаратты Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет Шерзаттың отбасына үй салып беретін болды Фото: Жоғарғы сот

Әкімдік мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар тарапынан түсіндірме жұмыстарынан кейін, өтініш иесі рұқсат құжаттарын рәсімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырды.

"Қазіргі уақытта барлық құжаттар толық дайындалды. Құрылыс жұмыстары алдағы уақытта басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімдігі құрылыс барысын қадағалап, өз өкілеттігі аясында қажетті қолдау көрсететін болады", – дейді әкімдіктің ресми өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Шерзат ісі бойынша сотталғандардың туыстары Президенттен көмек сұрағанын жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу