Мемлекетке 386 млн теңге көлемінде залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

540

Ұйымдасқан қылмыстық топ заңсыз әрекетін жүзеге асыру үшін 27 кәсіпорын құрған.  

Мемлекетке 386 млн теңге көлемінде залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

Қарағандыда бес жыл бойы жалған шот-фактура жазып келген қылмыстық топ мемлекетке 386 млн теңгеге залал келтірген. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҚК Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу департаменті бес жыл бойы Қарағанды қаласының аумағында жұмыс жүргізбей-ақ, сондай-ақ тауарларды жеткізбей жалған шот-фактура жазып келген ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі.

"Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ 27 кәсіпорын құрғандығы анықталды. Бұл кәсіпорындар қызметке және жалған шот- фактураларды жазып беруге заңдылық беру мақсатымен салық салынатын айналымды жасанды ұлғайту үшін топ мүшелері және басқа тұлғаларға тіркелген немесе сатып алынған. Қылмыстық әрекеттерді жасыру мақсатында белгілі уақыттан кейін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының басқа облыстарында қайта тіркелген",– деп жазылған хабарламада.

ҰҚТ қылмыстық әрекетінен мемлекетке 386,5 млн теңге көлемінде залал келген.

"Қазіргі уақытта бақылаудағы кәсіпорындардың ақша қаражатына жалпы сомасы 287 млн теңгеге тыйым салынды. Бүгінгі таңда қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды",– дейді комитеттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу