Мемлекетке 537 млн теңге көлемінде залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

1163

Қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.

Мемлекетке 537 млн теңге көлемінде залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

2017-2020 жылдар аралығында Қарағанды қаласында жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізген. Оның барысында, 7 адамнан тұратын қылмыстық топ, сонымен қатар бақылаудағы заңды тұлғалардың басшылары ретінде тіркелген қатысушылар тіркеу үшін үй-жайларды іздеу мен жалға алуды, сондай-ақ контрагент-сатып алушыларды іздестіріп, екінші деңгейлі банктерде ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және т. б. жүзеге асырған.

Таратылған хабарламаға сүйенсек, топтың қылмыстық әрекеті нәтижесінде мемлекетке 537 млн теңге көлемінде залал келген.

"Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеу барысында бақылаудағы кәсіпорындардың жалпы сомасы 121,3 млн теңге ақша қаражатына тыйым салынды. 27.12.2020 ж. қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды",– дейді баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу