Мемлекеттік бақылаудан өтпеген тауар ел аумағына енбейді

704

Мәжілістің жалпы отырысында "Техникалық реттеу" туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Мемлекеттік бақылаудан өтпеген тауар ел аумағына енбейді

Спикер Нұрлан Нығматулин аталмыш құжат отандық нарықты сапасыз тауардан қорғауды көздейтінін айтты. 

"Ең бастысы, өнім қауіпсіз болуға тиіс. Өнімге таңба жасау басқа мәселе. Мұны кәсіпкерлердің өздері шешетін мүмкіндігі бар. Ол үшін тауарды қайтаруға немесе өткізбеуге жол бермеу керек. Себебі бұл кәсіпкерлер үшін өте үлкен шығын", – деді Нұрлан Нығматулин

Оның сөзінше, бұдан былай мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында ғана емес, оны ел аумағына әкелгенге дейін жүреді. 

"Жасыратыны жоқ, осыған дейін басқаша болды. Мысалы кез келген өнімді елге кіргізіп, содан кейін тексеретінбіз. Енді өнім Қазақстанға кірмей тұрып, мемлекеттік бақылаудан өтеді. Қауіпті жағдай анықталса, тауарды кері қайтарамыз. Бұл өте маңызды, өте қажетті қадам", – деді Нұрлан Нығматулин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу