Мемлекеттік қаржының игерілмегені үшін айыппұл салынады

765

Ақшалай айыппұл айтарлықтай қомақты болады. 

Мемлекеттік қаржының игерілмегені үшін айыппұл салынады

Қаржыны игермеген бағдарлама әкімшілеріне айыппұл салынады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға өзгерістер енгізудеміз. Яғни бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші жетекшісіне айыппұл түрінде жауапкершілігін қарастыратын тиісті түзетуді енгізудеміз. Ақшалай айыппұл айтарлықтай қомақты болады. Бұл өз кезегінде қаржыны сапалы әрі тиімді игеру үшін ынталандыратын болады", – деді Әлихан Смайылов сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Әлихан Смайылов қай министрліктер бюджетті игере алмай жатқанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу