Мемлекеттік кірістер комитеті шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берді

870

Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақ Тілек автожол" өткізу пунктінде жүк көліктерінің тұрып қалуының қатысты ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Мемлекеттік кірістер комитеті шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берді

"Әлеуметтік желілерде Қырғызстан аумағындағы "Ақ Тілек автожол" өткізу пунктінде (Қазақстандағы шектес өткізу пункті – "Қарасу") жүк көліктердің тұрып қалғаны туралы ақпарат тарады.

2021 жылғы 30 шілдедегі мәліметке сәйкес "Қарасу" өткізу пунктіндегі жүк көліктерінің саны – 50-80 бірлік. Жемістер мен көкөністердің піскенін ескерсек, бұл қалыпты жағдай болып саналады", - деп жазылған МКК таратқан хабарламада.

Ведомство қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері де, ақпараттық жүйелер де штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті

"Бір тәулікте орта есеппен Қырғызстаннан Қазақстанға 300-350 жүк көлігі өтеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін қырғыз-қазақ шекарасында 120 жүк көлігі тоқтап тұрғаны хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу