Мемлекеттік қызметке қазақ тілін еркін меңгергендер қабылданады

1110

Заңнамаға енгізілетін түзетулер жобасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің электронды үкімет порталында жарияланды.

Мемлекеттік қызметке қазақ тілін еркін меңгергендер қабылданады

Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін еркін меңгеру талабын қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік органдарда қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту үшін мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді білудің шегін енгізуді ойлап отырмыз... Мемлекеттік қызметкерлер үшін тілді еркін меңгеру талабы қоғам мен уақыттың талабынан туындап отыр", - деп жазылған құжат жобасында.

Сонымен қатар аталған жобада: "Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді еркін меңгеру талабы қарастырылмағандықтан "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарда мұндай талапты енгізді қарастыру керек деп санаймыз", - деп жазылған.

Бұл талаптар өз міндетін атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлерге қолданылмайды.

Агенттік мәліметінше, бүгінде елімізде 90 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.

"Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу нәтижесі бойынша қызмет алушылардың 8% тілдік кедергіге байланысты алған қызметіне көңілі толмаған", - деп жазылған құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу