Мемлекеттік қызметшілердің бәс тігуіне тыйым салынады

222

Мұндай тыйымды құқық қорғау және әскери қызметкерлерге де салу көзделіп отыр. 

Мемлекеттік қызметшілердің бәс тігуіне тыйым салынады Фото: Depositphotos

220 мыңға жуық қазақстандықтың құмар ойын ойнауы шектелуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжілістің жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды.

"Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың өз аппараттық-бағдарламалық кешендерінің Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету міндеті белгіленеді. Сондай-ақ, Ұлттық Банктің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Әділет министрлігінің базаларын біріктіру арқылы ойнаушының тұлғасы бейнеметрикалық тұрғыдан анықталады", - деп Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Бұдан бөлек заң жобасында келесі нормалар бар:
-    қатысушылардың бейне-биометрикалық идентификациядан өткізу міндеттілігі; 
-    ойын бизнесі ұйымдастырушыларының үшінші тұлғалардың банктік карточкаларына төлем қабылдауына шектеу қою мәселесі; 
-    мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау және әскери қызметкерлердің бәс тігуіне тыйым салу көзделген. Шамамен 220 мыңға жуық қызметкердің құмар ойын ойнауы шектеледі;
-    өз-өзін құмар ойыннан шектеуді 1 жылдан 10 жылға дейін созу қарастырылған, eGov мобайл қосымшасы арқылы шектей алады.  

Айта кету керек, осыған дейін қылмыс жасайтындардың 20 пайызы лудомандар екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу