Мемлекеттік қызметтегі киберқауіпсіздік деңгейі алаңдатады

212

2022 жылы көрсеткіш бар болғаны 33%-ды құраса, былтыр 53%-ға жеткен.

Мемлекеттік қызметтегі киберқауіпсіздік деңгейі алаңдатады Фото: canva.com

ЦДИАӨМ осы жылдың соңына дейін қауіпсіздік деңгейін 80%-ға жеткізуді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Бәрін қызықтыратын сұрақ: "Мемлекеттік қызметтегі киберқауіпсіздік деңгейі қандай?". Оның пайыздық мөлшері, шыны керек, алаңдатады. 2022 жылы көрсеткіш бар болғаны 33%-ды құраса, былтыр 53%-ға жеткізгендей болдық. Осы жылдың соңына дейін қауіпсіздік деңгейін 80%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деді ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов. 

Пайыздық көрсеткіш негізгі екі дүниеден тұрады: біріншіден, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталықтарына қосылуы; екіншіден, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сынақтан өткізу. 

"Киберқауіпсіздікпен кәсіби деңгейде қамтамасыз ететін жекеменшік ақпараттық қауіпсіздік жедел орталықтары саны артып, биыл 48-ге жетті. Былтыр бізде 38 орталық қызмет ететін. Сонымен қатар елімізде 8 аккредиттелген 8 сынақ зертханалары жұмыс істейді", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу