Заңсыз әрекетке барғандарды конкурсқа қатыстырмау уақытын қысқарту ұсынылды

836

Заңсыз әрекетке барғандарды конкурсқа қатыстырмау уақытын қысқарту ұсынылды

Мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыз әрекетке баратындарды конкурсқа қатыстырмау уақытын қысқарту қажет. "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасының мүшесі Болат Келдебековтың айтуынша, жыл басынан бері бизнесмендер тарапынан 200-ден астам шағым кеп түскен. Оның 20 пайызы мемлекеттік органдар тарапынан жасалған қысымға қатысты болып отыр. Яғни конкурсқа қатысу құжаттарын негізсіз қайтару, қосымша талап қою, сатып алу ережесін бұзу сияқты жайттар анықталған. Алайда, осындай әрекеттердің кесірінен кәсіпкерлер екі жылға дейін конкурстан шеттетілуде.

Болат Келдебеков, "Атамекен" КҰП мүшесі:

"Біздің ойымызша мұндай жаза дұрыс емес. Өйткені бұзақылықтар олар әртүрлі болады ғой. Жеңіл әрі ауыр жағдай туғызатын. Сол себепті біздің ойымыз тек қана 24 ай емес, одан да төмен өлшемі болып, сәйкес жаза қолдануға болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу