"Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған қаржы қайда, қалай жұмсалып жатыр?"

1491

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа қазақ тілін үйренуге қатысты сауал жолдады. 

"Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған қаржы қайда, қалай жұмсалып жатыр?"

"Қазіргі өте күрделі геосаяси жағдай еліміздің ішкі саясатының көптеген аспектілерін қайта қарауды талап етеді. Осынау терең мәселенің бірі – тіл саясаты, оның ішінде мемлекеттік тілді үйрену проблематикасы. Мемлекеттік тілді үйрету, оған баулу ыждахатты түрде бола отырып, өзара сыйластық, бауырластыққа әкелуі қажет. Мемлекеттік тіл қоғамның ынтымағының, бірлігінің символына айналуы, осы тұрғыда, мемлекеттік тілді үйретудің бағдарламаларының тиімділігі, тіл үйренушілерге нақты көмек жасауға қабілеттілігі тұрғысынан аудит жүргізу өте маңызды", – деді Мәжіліс депутаты. 

Оның атап өтуінше, "AMANAT" партиясы сайлауалды бағдарламасында мемлекеттік тілді дамытуға баса назар аударылған. 

"Сондықтан Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған қаржы қайда, қалай жұмсалып жатыр? Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған оқу-үйрету бағдарламаларының тиімділігі жөнінде қанша адам үйреніп шықты, қанша адам тілдік бірінші, екінші сатыға өткендігі жөнінде сараптама жасау қажет. Ерікті азаматтардың қазақ тілін үйренемін деушілерге әдістемелік тәсіл жағынан көмектесуге қабілетті бағдарламаларын мемлекеттік органдар қаншалықты тиімді қолдануда? Осы мәселелер бойынша Үкіметтің құзырлы органдарының қоғам алдында есеп беруін сұраймыз", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу