Мені изоляторда соққыға жықты – Перизат Қайрат

120

Астанада алдын ала сот тыңдауы өтті. 

Мені изоляторда соққыға жықты – Перизат Қайрат Фото: qazpolit.kz

"Biz Birgemiz Qazaqstan" қайырымдылық қорының директоры болған Перизат Қайрат алдын ала сот тыңдауы басталмас бұрын журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Перизат Қайрат изолятор қызметкерлері оны соққыға жыққанын айтты.

"Мен моральдық тұрғыдан қатты шаршадым. Маған қатысты резонанс болып жатыр. Бірақ мен бұл туралы ашық айтуға дайынмын. Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл изолятор қызметкерлері тарапынан жасалды. Қазір бұл туралы толық айта алмаймын. Жағдайым жақсарды", – деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Сөзінше, қанша өтініш жасағанымен, оған қоғамдық қорғаушы берілмеген көрінеді.

Журналистер "Сіз өзіңізге тағылған айыптармен келісесіз бе?" деп сұрады.

"Жоқ, әрине. Мен (кінәмді) мойындамаймын. Қазір бәрін ашып айта алмаймын. Оны өздеріңіз де түсінесіздер", – деді Перизат Қайрат.

Айта кету керек, бұған дейін Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот басталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу