"Менің де өз шындығым бар": Дәрігердің жағасына жармасқан азамат үн қатты

Бұған дейін Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жаздық.

"Менің де өз шындығым бар": Дәрігердің жағасына жармасқан азамат үн қатты Фото: Бейнежазбадан

Уақытында медициналық мекеме мен полиция оқиғаға қатысты түсініктеме беріп өткен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Енді "Ақтауда ауруханада жанжал шығарды" делінген 3 баланың әкесі Шанжархан Абдухалим әлеуметтік желіге шығып, өз шындығын жария етті. Оның сөзінше, оқиғаға баласына жедел медициналық көмек көрсетілмегенін себеп болған.

– Жедел жәрдем баламда "соқырішектің белгілері бар" деп ауруханаға жеткізді. Ауруханада дәрігер оның температурасын өлшеу керегін айтты. Балам шыңғырып жылап жатыр. Арада жарты сағат өтті. Балам тоқтаусыз жылап жатыр. Сол кезде дәрігерге "баламның қызу өлшегіш құралын алмайсыз ба?" деп едім, ол бетіме күліп, "әлі салған жоқпыз ғой" деді. Содан 15-20 минут өткен кезде ғана "градусник" салды. Дене қызуы – 39, яғни әлі түспеген. Үйде өлшегенде де соны көрсеткен еді, – дейді ол. 

Оның сөзінше, ауруханада баласына ешкім көмектеспеген. Ол өзінің жалынып, жалбарынып көмек сұрағанын айтады. 

Шанжархан Абдухалим кенже баласының денсаулығына байланысты ем алу мақсатында 8 ай бұрын ғана Ақтауға көшіп келген.

Ал аурухана берген мәліметке сәйкес, баланы ауруханаға жатқызуға медициналық көрсетілім болмаған. Бүгінде балалар хирургінің жағдайы жақсы, ол жұмысына кіріскен.

Бұған дейін Ақтауда науқас баланың әкесі дәрігердің жағасына жармасқанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу