Германия канцлері Ангела Меркель Біріккен Ұлттар Ұйымын әрі қарай дамыту үшін оны реформалауға үндеді. Бұл туралы саясаткер ұйымның Бас ассамблеясының отырысында мәлім етті.
Оның ойынша, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі маңызды шешім қабылдау керек кезде көп жағдайда "тұсау салған" күйді кешетін көрінеді.
"XXI ғасырдың тегеуріндеріне төтеп беру үшін ұйым даму керек",– деді ол.
Бұған дейін БҰҰ елдері бірауыздан коронавирус пандемиясына дайын болмағандарын мойындады. Ұйымның 75 жылдық мерейтойына орайластырылған Бас ассамблеяның отырысында қабылданған декларацияда тек денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс емес, басқа да түйткілдерге дайын болу керектігі жазылған.
Табиғат Нұрболат