Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша жүргізілген тінту кезінде 10 қапшық марихуана табылды. Оның жалпы салмағы 57 келіден асады.
Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің мәліметінше, қамауға алынған 46 жастағы Меркі ауданының тұрғыны кінәсін толық мойындаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.