СҚО-да пайдалы кәсіпорындардың үлес салмағы есеп тапсырған кәсіпорындардың жалпы санынан 50 пайыздан астамды құрады, деп хабарлайды stat.gov.kz.
2017 жылғы I тоқсанда облыстың ірі және орта кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижесі 894,4 млн теңге сомасындағы залал ретінде анықталды, өндіріс пайдалылығының деңгейі -1,1% құрады.
2017 жылғы 1 сәуірге міндеттемелер бойынша берешек 683475,1 млн тенгені құрады. Мерзімі өткен берешекті жыл басымен салыстырғанда 39,4%-ға азайып 1101,7 млн теңгені құрады.
Кәсіпорындардың есеп деректері бойынша 2017 жылғы 1 сәуірдегі еңбекақы төлеу бойынша берешек 1871,5 млн теңгені құрады, мерзімі өткен еңбекақы төлеу бойынша берешек жоқ.
2017 жылғы 1 сәуірге облыстың ірі және орта кәсіпорындардың дебиторлық берешегі 268961,4 млн теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 809,6 млн. теңге. Жыл басынан бері мерзімі өткен дебиторлық берешек 83,8%-ға азайды.