Бас прокурор түрмедегі науқастар тізімін қайта қарауды тапсырды

742

Бас прокурор түрмедегі науқастар тізімін қайта қарауды тапсырды

"Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне тексеру қорытындылары бойынша алқа отырысында бас прокурор Қайрат Қожамжаров қылмыстық процесті ізгілендіру мен репрессивтілігін азайту мақсатында кешенді шаралардың қабылданғанын атап өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында халықаралық түрме индексі бойынша Қазақстан 3-тен 73-ші орынға көтерілді. Елдегі жазасын өтеушілердің саны 100 мыңнан 35 мыңға азайып, 8 колония жабылды. Бюджеттің үнемделуі 12 млрд теңгені құрады.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев пенитенциарлық жүйедегі орын алған кемшіліктерге және онда нақты реформалардың жүргізілуі қажет екеніне назар аударды.

Бас прокурордың тапсырмасы бойынша жүргізілген тексерулер заңдылықты қамтамасыз ету мен қамаудағылардың құқығын қорғауда  проблемаларды анықтады.

Сотталғандар арасында жасалатын қылмыс 44%-ға артты. Құқық бұзушылықтардың негізіне өзара қақтығыстар, режимді әдейі бұзу және денеге зақым келтіру енеді.

Сотталушылардың арасындағы өлімнің өсуіне назар аударылды. Бүгінгі күнде түзеу мекемелерінде 756 мүмкіндігі шектелген, 25 ісік ауруына шалдыққан және дербес жүріп-тұра алмайтын 4 адам бар.

Осыған орай, бас прокурор ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімдерінен бұрын босату үшін аурулар тізімін қайта қарауды тапсырды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне шамамен 800 сотталған-мүгедектерге мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуді ұсынылды.

Сонымен қатар қамау орындарынан босатылған адамдарды еңбекпен толыққанды қамту  тетігін әзірлеу қажеттілігі айтылды.

Прокурорлық тексерулер нәтижесінде сотталғандарды еңбекпен қамту және материалдық-техникалық қолдауын көрсетуге тартылған "Еңбек" мекемесінің қызметінде мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтың жүйелі түрде бұзылуы, лауазымды асыра пайдалану,  бюджет қаржысын жымқыру анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке 3 млрд-тан астам теңге көлемінде залал келтірілді, 32 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сөз сөйлегендердің баяндамасында еңбекпен қамту үшін құрылған кәсіпорын іс жүзінде жеке пайда табудың көзіне айналғанын атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу