Металл кенін өндіруде өндіріс көлемі бір жылда 3,3 трлн теңгеге жеткен

1871

Тау-кен металлургия (ТМК) кешенінде білікті кадрлардың жетіспеушілігі өзекті мәселе болып саналады. 

Металл кенін өндіруде өндіріс көлемі бір жылда 3,3 трлн теңгеге жеткен

2021 жылдың қорытындысы бойынша 12 айда металл кенін өндіру өндіріс көлемі 3,3 трлн теңгеге жетті, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 2,2 трлн теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қайта өңдеу сегментінде металлургия өнімдерін шығару көлемі ақшалай баламада 7,7 трлн теңге болған, өткен жылғы көрсеткіш – 5,7 трлн теңге. 

Металл кенін өндіру құрылымында шығарылымның 70,4% – түсті металл кенін өндіру, 29,6% – темір кенін өндіру үлесінде. Металлургия өнеркәсібінің құрылымында 62,2% – асыл және түсті металдар өндірісіне, 37,6% – қара металлургия (тағы 0,2% – металл құюға) тиесілі. 

Тау-кен металлургия кешенінің негізгі ірі кәсіпорындары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "Қазмырыш" ЖШС, "Қазақстан алюминий" АҚ, "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ және тағы басқа. 

Темір кенін өндіру және қара металлургия саласында негізгі кәсіпорындар – "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Қазхром" ТҰК, Жәйрем КБК, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), "Теміртау электрометаллургия комбинаты" АҚ және тағы басқа. 

Металл кендерін өндіру тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласындағы өндірістің 18,4%-ын және республика бойынша барлық өнеркәсіптік өндірістің 8,8%-ын қамтамасыз етті.

Өңдеу өнеркәсібіндегі металлургияның үлесі – 45,7%, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде – 20,7%. 2021 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша тау-кен металлургия кешені Қазақстан бойынша өнеркәсіптік өндірістің жиынтық көлемінің шамамен 30% немесе құндық мәнде 11 трлн теңгені қамтамасыз етті.

Өткен жылдың төртінші тоқсанында металл кенін өндіру саласында – 84,2 мың адам, металлургия өнеркәсібінде – 86,7 мың адам жұмыс істеген. Бұл ел бойынша барлық өнеркәсіп қызметкерінің – 26,8%, бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 26,4%, 2015 жылы – 22,1%.

Тау-кен металлургия кешені де кадрлардың жетіспеушілігі проблемасымен бетпе-бет келіп отыр.

Металл кенін өндірудегі жалақы қоры өткен жылдың төртінші тоқсанында 102,1 млрд теңге, металлургияда – 105,8 млрд теңге болды.

Өнеркәсіптік сектордың жалақы қорындағы ТМК жиынтық үлесі – 31,2%, 2015 жылғы көрсеткіш – 25,3%, ел бойынша жалақының жалпы қорында – 7%.

Тау-кен металлургия кешені жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жалақысы басқа салалармен салыстырғанда жоғары. Мысалы, 2021 жылғы төртінші тоқсанда орташа айлық номиналды жалақы елде – 275,6 мың теңге болды, ал өнеркәсіпте — 364,8 мың теңге, ТМК металл кендерін өндіру сегментінде – 421,9 мың теңге, металлургияда – 424,6 мың теңге. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу