Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Ми-8 тікұшағымен болған әуе оқиғасына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді, деп жазады inbusiness.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, апатты жағдайда қонған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты өткен жылы 3 мамырда берілген.
"Тікұшақ 2021 жылғы 27 қаңтарда шығарылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2022 жылғы 14 сәуірде тіркелген. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті тікұшағын пайдаланатын әуе компаниялардың қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексерулер жүргізеді. Олардың нәтижелері бойынша жүйелі бұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселелері шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады", - делінген комитет таратқан хабарламада.
Айта кету керек, "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы БҚО аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған болатынбыз. Азаматтық авиация комитеті тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер барын хабарлаған еді. Шұғыл қонған тікұшақтағы 4 адам көз жұмғаны анықталды.