Microsoft TikTok-ты сатып алмақ

516

Видео сервис алдымен толықтай аудиттен өткізіледі.

Microsoft TikTok-ты сатып алмақ

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ел аумағында тыйым саламын деп мәлімдеме жасаған TikTok әлеуметтік желісін Microsoft компаниясы сатып алуды жоспарлап отыр. Егер бұған қатысты келіссөздер нәтижелі өтсек, тараптар келісімге қол қояды. 

Қос компания бірнеше апта бойы қызу талқылаулар ұйымдастырған. Бірақ Трамптың қытайлық әлеуметтік желіге қатысты соңғы мәлімдемесінің кесірінен келіссөздер іркіліп қалғандай болды. Бірақ америкалық корпорацияның бас директоры Ақ үй басшысымен кездесіп, TikTok-ты сатып алу туралы келіссөздердің жалғасатынын жариялады. Корпорация өкілдерінің айтуынша, ұлттық қауіпсіздік шаралары ескеріліп, Қытайдың видео сервисі түгелдей аудиттен өткізілмек. 
Еске сала кетсек, бұрын АҚШ билігі TikTok-тың иесі ByteDance деп аталатын компания америкалықтардың деректерін Қытайға жіберіп, тыңшылықпен айналысады деп айтқан еді. Ал TikTok болса, Вашингтон таққан айыпты жоққа шығарды. 

Табиғат Нұрболат
Фото: ft.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу