Мигранттарды қолдау акциясы өтті

467

Кеме апатынан 80 мигрант қаза тапты.

Мигранттарды қолдау акциясы өтті Фото: reuters.com

Грекияның Афин қаласында наразылық акциясы өтті. Пилос жағалауында болған кеме апатына ашуланған жұрт марқұмдар отбасына осылайша қолдау танытты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш "еуропалық деңгейде шара қабылдауды" ұсынды. Еуропада осындай жағдай қайталанбауы үшін ынтымақтасып, тиімді көші-қон саясатын әзірлеу қажет, деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ірі кеме апаты осыдан үш күн бұрын болды. Бортта шамамен 750 мигрант болған. Өкінішке қарай, 80 адам қаза тапты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу