Дохада теннистен кәсіби теннистен ATP кезеңі өтіп жатыр. Сайыс аясында қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ойынның алғашқы матчында Кукушкин алаң иесі Малик Жазиримен кездесті. Кездесу 6:0, 6:3 есептерімен Михаил Кукушкиннің еншісіне шешілді. Келесі ойында ол енді ресейлік Андрей Рублевқа қарсы ойнайды.
Айта кетерлігі, аталған турнирде тағы бір қазақстандық спортшы қатысты. Александр Бублик бірінші кездесуінде франциялық Адриан Манаринноны ұтқанымен, екінші кездесуінде словениялық Альяж Беденге жол берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу