Микроқаржы ұйымдарындағы несиенің пайызы 146%-дан 339%-ға дейін жетеді – депутат

405

Ел тұрғындарының несие портфелінің дені тұтынушылық кепілсіз несиелерге тиесілі. 

 Микроқаржы ұйымдарындағы несиенің пайызы 146%-дан 339%-ға дейін жетеді – депутат Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Парламенттік тыңдауда Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ресми мәліметтерге сәйкес, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 18,1 трлн теңге құрайтын кредиттік портфелінің тең жартысы тұтынушылық кепілсіз несиелерге тиесілі. Егер портфельдің сапасы туралы айтатын болсақ, төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелердің жалпы көлемі 2 триллион теңгеге жеткен. Оның 63%-ы – тұтынушылық кепілсіз несиелеу. Қаржылық тұрақтылық тұрғысынан қауіп алдында 1 млн 700 мың біздің отандастарымыз тұр", - деді мәжілісмен.

Депутат микроқаржы ұйымдарының проблемалық кредиттерінің өсуінің негізгі себептері ретінде жоғары пайыздық мөлшерлеме, борыш жүктеме коэффициентінің талаптарын сақтамау, тәуекелдердің нашар бағалануы мен либералды реттеуді атап өтті.

"Бүгінгі таңда екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың несиелері бойынша пайыздық мөлшері 56%-ға дейін, ал микроқаржы ұйымдарында – 146 пайыздан 339%-ға дейін жетеді. Бұл пайыздар қандай параметрлер мен критерийлер бойынша белгіленген, қандай негіздеме бар деген заңды сұрақ туындайды", - деді ол.

Еске салайық, осыған дейін 5,6 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу