"Миллиардтарды ұрлауға жол бермеуі керек еді": Сотта Перизат Қайраттың анасы сынға қалды

Елордада "3,5 миллиард теңгені жымқырды" деген күдікпен ұсталған ерікті Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасын тапты.  

"Миллиардтарды ұрлауға жол бермеуі керек еді": Сотта Перизат Қайраттың анасы сынға қалды Фото: tengrinews.kz

Жарыссөзде 12 жәбір көруші сөз сөйлеп үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың арасында айыпталушының анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қатаң пікір білдіргендер де бар. 

Іс бойынша жәбірленуші Руслан Томашев Перизат Қайрат басқарған қорға нақты қанша ақша аударғанына тоқталмады. Бірақ, ол "күдіктілерді аямау керек" деген принципті ұстанатындай.

– Мен шығарылған шешіммен толықтай келісемін. Мұнда көптеген жәбірленуші егде жастағы Ғайни Алашбаеваның жағдайына байланысты жеңілдік сұрап жатыр. Меніңше, мұндай нәрселерді түбегейлі тоқтату керек. Дертіне, жасына, басқа да себептерге қарамай, үкімді өзгеріссіз қалдырып, ешқандай жеңілдік бермеу қажет, – деді ол. 

Тағы бір жәбір көруші Амина Айманбетова болса, "Ғайни Алашбаева қызының әрекетін бақылауда ұстап, уақытында тоқтатуы керек еді" деген пікірде. 

– Менің ойымша, барынша қатаң жазалау керек. Себебі, егер анасы үшін сұралса, ол қайда қараған? Қызын тоқтатып, осындай миллиардтарды ұрлауға жол бермеуі керек еді, – деп нақтылады ол. 

Бұған дейін "Енді Перизат Қайраттың соты жабық форматта өтеді" деген тақырыпта ақпарат жариялаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу