Министр Атыраудағы нәресте өліміне қатысты пікір білдірді

1515

Елжан Біртановтың айтуынша, Атырау облысында акушер-гинекологтер тапшы, әсіресе операция жасайтын мамандар жетіспейді.

Министр Атыраудағы нәресте өліміне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық комиссия Атырауда, қазір перинаталдық орталықта нәресте өліміне қатысты оқиғаны тексеріп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.

"Қазіргі уақытта денсаулық сақтау вице-министрі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы бастаған республикалық комиссия Атырауда. Сонымен қатар біз ғылыми орталықтардың, медициналық университеттердің жетекші мамандарын сонда жібердік", – деді Біртанов журналистерге.

Министр бұл өңірде бала өлімі көрсеткіші жоғарылағанын да айта кетті.

Елжан Біртановтың айтуынша, Атырау облысында акушер-гинекологтер тапшы, әсіресе операция жасайтын мамандар жетіспейді.

"Осыған байланысты біз соңғы 3-4 жылда резидентурада оқитын студенттер санын өсірдік. Алдағы екі жылда қазір резидентурада оқып жатқандар сол тапшылықтың орнын толтырады деп болжап отырмыз",– деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында перзентхана орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынған болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу