Министр: Балабақшаға бармаса да, баланың орны сақталады

2103

Балабақшалар әзірге жұмысын тоқтатпайды.

Министр: Балабақшаға бармаса да, баланың орны сақталады

Білім және ғылым министір Асхат Аймағамбетов еліміздегі балабақшалар жұмысын қалай жүргізетінін түсіндірді. 

"Білім және ғылым салаларында алдын алу шаралары қабылданды. Министліктің тиісті бұйрығы шығып, оны барлық білім беру ұйымы мен облыстардың білім басқармаларына жеткіздік. Сол бұйрықта ең басты тапсырмалар берілді. Ең біріншіден, балабақшаларға тоқталар болсақ, алдына ала ақпарат бергендей балабақшалар әзірге жұмысын тоқтатпайды. Бірақ біз ата-аналардың мүмкіндіктеріне қарай, балабақшаға бармауды (апармауды – авт.) ұсынамыз. Мұның алдында бұйрыққа сәйкес бала бірнеше күн бойы бала балабақшаға келмесе шығарылатыны туралы норма бар еді. Біз қазір ол норманы алып тастадық", – деді ведомство басшысы.

Асхат Аймағамбевтотың айтуынша, қазіргі уақытта баланы балабақшаға әкелмесе де орны сақталмақ. 

Еске салсақ, кеше Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген екі қазақстандықтың коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Ведомство басшысы әзірге төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ деп санайтынын айтқан. 
Кеше кешке коронавирус ел астанасында да тіркелді. Коронавирус жұқтырған азаматпен бірге 90 жолаушы Нұр-Сұлтанға ұшып келген. Оның алтауы өзге өңірлерге кетіп қалған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу