Министр информатика пәнін қалай сапалы оқытуға болатынын айтты

827

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мектепте информатика пәнін қалай сапалы оқытуға болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министр информатика пәнін қалай сапалы оқытуға болатынын айтты

Министр "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасы аясында адам капиталды дамыту маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты ол саладағы өзекті мәселеге тоқталды.

"Бүгінде кейбір аудандарда немесе ауылдық округтерде информатика немесе бағдарламалау негіздері пәнінің мұғалімі жетіспейді. Бұл пән бойынша берілген сабақтың сапасы сын көтермейді. Оны онлайн оқытуға болады. Осылайша, аталған мәселені шешуге мүмкіндік бар", – деді Бағдат Мусин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ведомство басшысы пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

"Шығыс Қазақстан облысындағы 150 мектепте пилот жобасын сәтті жүзеге асырып жатырмыз. Оны біртіндеп басқа өңірлерге енгіземіз. Себебі біз оқушылардың қайта болғанына қарамастан информатика, бағдарламалау негіздері пәні бойынша сапалы білім алғанын қалаймыз", – деді министр.

Оның пікірінше, бұл пилот жобасы оқушыларға сапалы білім алуға болады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу