Министр ҚазҰУ-дегі жер учаскесінің азайғанын растады

1044

Министр бұл дерекке байланысты ҚазҰУ қызметін толыққанды зерттеу мақсатында кешенді тексеріс жүргізуді көзделгенін атап өтті. 

Министр ҚазҰУ-дегі жер учаскесінің азайғанын растады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі жер учаскесінің 0,779 гектарға азайғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы parlam.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, министрлік Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер телімін түзетуге қатысты пост жариялағаннан кейін тез арада жұмыс тобын құрған. Олар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, барлық фактіні тексеруді бастаған.

"Тексеру қорытындысы бойынша ҚазҰУ жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі расталды", – деді Асхат Аймағамбетов депутаттардың сауалына берген жауабында.

"Алайда осы жылғы наурызда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚазҰУ-ға аудит бастауына байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеріс жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар 2021 жылдың 10 ақпанынан бастап ҚазҰУ-ға жаңа басшылық тағайындағанын атап өткен жөн", деді ведомство басшысы.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желіде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне тиесілі жерлер жеке тұлғаға сатылыпты-мыс деген ақпарат тараған еді.

Кейін ҚазҰУ бұл мәселеге қатысты түсінік берген болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу