Министр құтқарушылардың жалақысына қатысты сүйінші жаңалық айтты

283

Олардың айлығы 10 пайызға өседі деп күтіліп отыр.

Министр құтқарушылардың жалақысына қатысты сүйінші жаңалық айтты Фото: ortcom.kz

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Мәжіліс кулуарында құтқарушылардың жалақысы 10%-ға өсетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, көмекші және жауынгерлік бөлімшелердің қызметкерлерінің айлығы көтеріледі. 

"Біз жалақыны шамамен 10%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз. Жауынгерлік бөлімшелер үшін жалақының артуы бұрын жүргізілген болатын, ал 2026 жылы біз бұл тәжірибені Ішкі істер министрлігі және басқа да құқық қорғау органдарымен бірге жалғастырамыз", – деді министр. 

Бұдан бөлек биылдан бастап құтқарушылар тұрғын үй өтемақылары де беріледі. 

"Егер заң қабылданса, біз өз қызметкерлерімізге (20 мың адамға жуық) тұрғын үй төлемдерін ұсына аламыз", – деді ТЖМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу