Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты қағидатына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақмарал Әлназарова әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жарналары сақтандыру сипатына ие екенін еске салды.
"Бұл жүйе кез келген сақтандыру сияқты жұмыс істейді. Сіз сақтандыру жарнасын төлейсіз, бірақ оны тек сақтандыру жағдайы болғанда ғана пайдалана аласыз. МӘМС мысалында бұл ауру, шұғыл ота және басқа да жағдайлар болуы мүмкін", – деп түсіндірді министр Үкіметте өткен баспасөз конференциясында.
ДСМ басшысының сөзінше, медсақтандыру қорында жиналатын барлық қаржы 20 миллионнан астам азаматқа көрсетілетін медициналық қызметтерге бағытталады.
"Мұндағы негізгі қағидаға келсек, дені сау адам науқас үшін, ал бай адам кедей үшін төлейді. Бұл – қордың бастапқыда ұстанған, қазір жүйелі түрде жүзеге асырып жатқан ортақ жауапкершілік қағидаты", – деді министр.
Айта кету керек, бұған дейін дәрігерлерді ұрып-соққандар қандай жаза арқалайтынын жазған едік.