Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Биыл ақпан айында жекешелендіру тізбесін одан әрі кеңейту үшін активтерді іріктеу талаптары бекітілді. Яғни, қандайда бір нысан осы талаптарға сәйкес келсе, онда ол жекешелендіруге жіберіледі", – деді Ұлттық экономика министрі.
Әлібек Қуантыровтың сөзінше, қазіргі кезде кешенді жоспарға 170-тен астам нысан қосылып, кәсіпкерлердің жекешелендіру нысанын таңдау құқығы бекітілген.
"Нысан жеке бастама болған жағдайда сатылуы мүмкін. Бұл ретте, жекешелендіру кезінде мемлекет мүдделерін сақтау мақсатында стратегиялық ұйымдардағы, мәселен, "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы", "QazaqGaz" және тағы да басқа компанияларында бақылау үлесін сақтау, сатып алу-сату шартын жасасқанға дейін қызметкерлер штатын қысқартпау ережелері көзделген. Нысандар уақтылы сатуға шығарылмаған жағдайда лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - дейді Әлібек Қуантыров.