Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елдің оңтүстігінде салынатын орыстілді мектептерді қаржыландыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрдің сөзінше, бұл мектептер еліміздің білім беру стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін болады. Ғани Бейсембаев келісім аясында Ресейде қазақ тілінде білім беретін үш мектеп ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Айта кету керек, осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында елімізде салынатын орыстілді мектептер туралы айтқанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу