Министр Саранда шығарылатын тұрмыстық техниканы қайдан сатып алуға болатынын айтты

207

Министрдің сөзінше, оны Интернет арқылы сатып алуға болады. 

Министр Саранда шығарылатын тұрмыстық техниканы қайдан сатып алуға болатынын айтты Фото: Ақорда

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық тұрмыстық техниканы қайдан сатып алуға болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер министрден "Саран қаласында шығарылатын тұрмыстық техниканы қайдан сатып алуға болады? Сіз осы өнімнің біреуін сатып алдыңыз ба?" деп сұрады.

"Өте жақсы сұрақ. Менің үйімде осындай техника жоқ, бірақ электр пешті туған-туысқандарымның біріне сыйлық ретінде сатып алдым. Қазіргі таңда заманауи технологиялар бар. Көбі менен бұл техникаларды қай жерден сатып алуға болатынын сұрайды. Интернет, каспи арқылы осы техниканы алуға болады", – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Оның айтуынша, келесі жылы 700 мыңға жуық тұрмыстық техника өндірілетін болады. 

"Менің министр ретіндегі жұмысым – осындай кәсіпорынға мүмкіндік жасау. Оны сату мәселесі – зауыт маркетингінің жұмысы. Қазіргі таңда 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 200 мыңға жуық техника өндірілген. Бұл бұрын-соңды болмаған", – деді Қанат Шарлапаев.

Айта кету керек, осыған дейін Саранда тұрмыстық техника шығаратын зауыт туралы жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу