Министр Жамбылдағы жол апатынан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты

281

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысындағы жантүршігерлік көлік апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министр Жамбылдағы жол апатынан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты Фото: gov.kz

"Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Олардың елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деп жазды ол желіде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу