Министр жұмыссыз қалған зейнет жасындағы ғалымдар туралы: "Жастарға жол беруіміз керек"

651

Соңғы жылдары бұл зертхана бірде бір ғылыми мақала жарияламағаны айтылды. 

Министр жұмыссыз қалған зейнет жасындағы ғалымдар туралы: "Жастарға жол беруіміз керек" Фото: Үкімет

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Фесенков атындағы Астрофизика институты ғалымдарымен байланысты дау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Фесенков атындағы университет Цифрлық даму министрлігіне қарайды.

"Бірақ біздің министрлік ғылым саясатына жауапты болғандықтан, біз әріптестерімізбен, институт басшылығымен сөйлестік. Олардың позицияларын тыңдадық. Біріншіден, зертханалар жабылмайды. Фесенков университетінің негізінде 1974 жылы ашылған зертхана бар. Сол институттың басшысы қазір 92 жаста. Ең жас ғылыми қызметкер 76 жаста. Соңғы 20 жылда бұл зертхана бірде бір үлкен жобаға қатыспаған", - деді ол Мәжіліс кулуарында. 

Бұдан бөлек 2018 жылдан бастап бірде бір ғылыми мақала жарияланбаған.

"Біздің бірнеше нысаналы бағдарламаға қатыспаған. Дұрыс түсінулеріңізді сұраймыз. Міндетті түрде айналым болу керек. Әсіресе, ғылым саласында жастарға да жол беруіміз керек. Қазіргі таңда бүкіл ғылыми қызметкерлердің 46 пайызы –  жастар", - деді Саясат Нұрбек.

Айта кету керек, осыған дейін қазақстандық ғалымдар кәсіби мерекесі күні жұмыстан қуылғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу