Министрлік Ресейден "табылған" қанатсыз ұшақтың мән-жайын түсіндірді

575

Қорғаныс министрлігі Новосібірдегі ұшақтың Қазақстан Әcкери-әуе күштеріне тиесілі екенін растады.

Министрлік Ресейден "табылған" қанатсыз ұшақтың мән-жайын түсіндірді

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі кеше отандық БАҚ жарыса хабарлаған Ресейдегі "қазақстандық сынған ұшаққа" қатысты түсінік берді.

Министрлік ұшақтың техникалық қызмет көрсетуден өткізіліп жатқандығын айтып, БАҚ өкілдерін сенсацияға ұмтылмауға шақырады.

"Қазақстан Әcкери-әуе күштерінің (әуе басқару пунктінің) ұшағы жоспар бойынша техникалық қызмет көрсетуден өту үшін Ресей Федерациясы Новосібір қаласындағы "ОО S-7 ИНЖИНИРИНГ" кәсіпорнында тұр. Жөндеу жұмыстары барысында фюзеляждың жеке бөліктеріне және басқа да түйіндері мен агрегаттарына уақытша бөлшектеу жұмыстары қажет болуы мүмкін. Бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, жұмыс жоспарлы түрде өткізіліп жатыр",– дейді министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу