Митинг кезінде қамалған өскемендік журналист босатылды

962

Дарын Нұрсапар 10 күн қамауда болған.

Митинг кезінде қамалған өскемендік журналист босатылды

Шығысқазақстандық журналист, Altaynews.kz сайтының редакторы Дарын Нұрсапар қамаудан босатылды. Ол Өскемендегі митингтен әлеуметтік желіде ақпарат бергені үшін "жазаланған" болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Өскемен мен Аягөзді қосқанда 10 күн қамалып жаттым. Босатыңдар деп шыр-пыр болған барлықтарыңызға рахмет. Ұсталған журналистерді қоғам болып қорғап, іздеп жатқандарыңыз үшін мың алғыс. 17 қаңтар кешке босап шығып, телефонымды кеше ғана алдым. Денсаулығым жақсы, қалыпты жұмысыма оралдым. Қамаудағылардың бәрі аман-есен босап, отбасыларымен кездессін. Елімізде тыныштық болсын", – деп жазды ол бүгін әлеуметтік желіде. 

Айта кетейік, журналист 15 тәулікке қамалған. Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қамалған әрбір тілшінің жағдайы жеке қаралып, кейбіреуіне жеңілдік берілетінін мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу