MMA: Қазақстан мен Өзбекстан спортшыларының жекпе-жегі 53 секундта аяқталды

383

Кара-Балтада аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтіп жатыр.

MMA: Қазақстан мен Өзбекстан спортшыларының жекпе-жегі 53 секундта аяқталды Фото: sports.kz

28 жастағы қазақстандық спортшы Даниил Коцарев Кара-Балтада өтіп жатқан (Қырғызстан) EFC Global 33 аралас жекпе-жек турнирінде күш сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтың қарсыласы 30 жастағы Өзбекстан спортшысы Улугбек Икашев болды.

Жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) жекпе-жек 3 раундқа жоспарланған, бірақ соңына дейін созылған жоқ. Себебі, ол 53-секундта аяқталды.

Икашев қарсыласын торға тақап, соққыларын жаудырды. Реферидің араласуына тура келіп, айқас тоқтатылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 жастағы қазақстандық спортшы Олжас Ерланов Кара-Балтадағы EFC Global 33 аралас жекпе-жек турнирінде нокаутпен дебют жасады.

Сондай ақ, 19 жастағы қазақстандық спортшы Ахмет Нарбол нокаутпен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу