Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет?

316

Адал кәсіпкерлерге алаңдайтын ештеңе жоқ. 

Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет? Фото: Bankiros

Қазіргі уақытта мобильді аударымдардың салықтық бақылауына қатысты қоғамдағы қызу талқыға  байланысты Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Жанаргүл Ракашова Ақтау қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының алаңында өткен брифингте бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет?

Мобильді аударымарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.

Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.

Егер сатушы қолма-қол ақша талап етсе не істеу керек?

"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес төлемнің әр түрлі тәсілдері көзделген – банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап).

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар: алғашында - ескерту, қайталап заң бұзғаны үшін – 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК-нің 194-бабы).

Адал кәсіпкерлерге алаңдайтын ештеңе жоқ

Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады. Яғни кәсіпкерлерлік қызмет белгілері болған жағдайда ғана сұрақтар туындайды.

Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді. 

Тек, қана өз кірістерін жасыратын, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлғалар ғана тексеруге жатады.

Салық органдарының берік ұстанымы-жазалау емес, түсіндіру

Маңызды: мобильді аударымдарды әртүрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына, әріптестеріне және т.б. жағдайлара аударуға шектеулер жоқ.

Сонымен қатар, бүгінде бизнесті жүргізуге және дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді. Салық ставкалары қызмет түріне байланысты тек 1% - дан 4% - ға дейін.

Қазір салық міндеттемелерін адал орындау әлдеқайда тиімді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу