Мобильді аударымдарды тексеру тетігі қайта қаралуы мүмкін

465

Бұл мәселеде Үкімет бірқатар норманы қайта қарап жатыр.  

Мобильді аударымдарды тексеру тетігі қайта қаралуы мүмкін Фото: ulysmedia.kz.

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкіметте өткен баспасөз брифингінде мобильді аударымдарды тексеруге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мобильді аударымдар тексерілетін болады. Бірақ нормаларды қайта қараймыз. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз. Барлығымыз заңдарға бағынуымыз қажет. Кейбірі салықты төлейді, кейбірі төлемейді. Әділеттілік болу керек. Яғни бәрі бірдей (салықты) төлеуі тиіс. Яғни, өзінің бизнесі көлемі шегінде төлеуі қажет. Бүгінде біз түрлі режимдерді пысықтап отырмыз", - деп жауап берді Мәди Такиев.

Айта кету керек, осыған дейін жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға тыйым салынбайтынын жазған болатынбыз. Бақылау шаралары салығын уақыты төлеп отырған азаматтарға әсер етпейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу