Мобильдік топқа қарсы шыққандар қамалды

1104

Қарағандыда үйлерінде той жасап карантин режимін бұзғандар жазаланды.  

Мобильдік топқа қарсы шыққандар қамалды

Қарағанды қаласындағы Күнгей ықшам ауданындағы зәулім үйіне жүзден астам адам жинап , той жасағандарға қатысты жаза қарастырылды. Еске сала кетсек , өз үйінде той жасаған тұрғын қасындағы туыстары мен бірге ескертуге келген мобильдік топқа қарсы шыққан. Олар мобильдік топ өкілін аула қақпасынан күштеп шығарып, сыртқа лақтырып жіберген. Сондай-ақ ашуға мінген той иелері екі полиция қызметкерін де есіктен итеріп шығарды.  

Мобильдік  топ өкілі  мен тәртіп сақшылары сөздерін өткізе алмаған соң сол жерге полиция құрамын шақырып барып , тойды тоқтатқан еді. Карантин талаптарын бұзу бойынша хаттама толтырған кезде 50 жастағы үй иесі мен 54 жастағы ағасының  мобильдік топ өкілдеріне қарсы шыққаны анықталған.

Қарағанды қалалық әкімшілік соттың шешімімен карантин талаптарын бұзып, мобильдік топ мүшелеріне қарсылық танытқан екі азамат үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Арайлым Еркебаева 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу