Жамбыл облысында заңсыз қазба жұмыстарымен айналысқан компания анықталды

417

"Шығыс кен басқармасы" ЖШС қазба жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсаттың мерзімі былтыр аяқталған.

Жамбыл облысында заңсыз қазба жұмыстарымен айналысқан компания анықталды Фото: pexels

Алайда аталған серіктестік биыл да барит кендерін өндіруді тоқтатпаған.

Жамбыл облыстық экология департаментіне биыл "Shagala Mining" ЖШС Мойынқұм ауданындағы "Шағала" кен орнының мыс кендерін үймелі сілтілеу кәсіпорнын салуға және пайдалануға №KZ75RXX00034652 I санатты объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш берген.

Бірақ серіктестік экологиялық санатқа рұқсатты алмай жатып, аталған өз жұмыстарын бастап кеткен.

Соған байланысты ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасы кәсіпорнын салу құрылыс жұмыстарына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысында мыс кендерін үймелі сілтілеу кәсіпорнының

1 және 2-корпустарына бүгінгі күнге дейін экологиялық рұқсатсыз құрылыс жұмыстары жүргізілгені анықталып отыр.

Еске сала кетсек, Экологиялық кодекстің 106-бабының 5-тармақшасы бойынша: І немесе II санаттағы объектілерді тиісті экологиялық рұқсатсыз салуға және пайдалануға тыйым салынады.

Сондықтан облыстық экологиялық департаменті Кодекстің 178-бабының 1-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын қызметін шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы сотқа талап жолдады.

Мұндай заңсыздықтарға Мойынқұмға көршілес жатқан Шу ауданында да орын алған.

Ең сорақысы сол – Шуда 1,69 гектар жер құм-тас қоспаларын өндіруші компанияға 18 жылға заңсыз берілген.

"Жер қойнауын пайдалану саласына жүргізілген мониторинг арқылы біз Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, Шу ауданы әкімдігі құм-тас қоспасын өндіру үшін жер учаскесін заңсыз бергенін анықтадық. Нақтырақ айтсақ, Шу ауданы әкімдігінде қызмет еткен бұрынғы лауазымды тұлғалар тиісті функцияларының жоқтығына қарамай, "Медео" ЖШС-не жер пайдалану құқығын заңсыз беріп жіберген", - дейді Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров. 

Тиісті органдардың араласуынан кейін жер учаскесі мемлекет иелігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу