Моңғолияда Қазақстанның қаржысына зауыт салынады

911

Қазақстан Моңғолияға ферросиликоалюминидің инновациялық қорытпасы өндірісін жолға қоюда көмектеседі.

Моңғолияда Қазақстанның қаржысына зауыт салынады

Моңғолияда қазақстандық технологиямен 100 млн долларға зауыт салынады, деп хабарлайды LS.

ИИДМ ақпаратынша, Қазақстан Моңғолияға ферросиликоалюминидің инновациялық қорытпасы өндірісін жолға қоюда көмектеседі.

"Жоба құны 100 млн доллар. Тапсырыс беруші Моңғолия тарапы",– деп нақтылады министрліктен.

Зауыт қазақстандық технологиямен жұмыс істейді. Алайда технологияның құны туралы айтылған жоқ. Жобаны 2020-2021 жылдары іске асыру көзделген. Кәсіпорынның жылдық қуаты 60 мың тонна ферросиликоалюминиге жетеді. Дайын өнімді Қытай, Жапония және Корея елдеріне жеткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, Қазақстан-Моңғол бизнес форумында тараптар алтын мен күміс өңдеу зауытын салуға келіскен болатын. 

"Моңғолияда аффинаж зауытын салуға қатысты кез-келген ақпарат келісімшарт бойынша жария етуге жатпайды. Жоба Қазақстанның Моңғолиядағы алғашқы ірі технологиялық инвестициясы болмақ",– деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу